Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар 20 миллионнан асып кетті

11 Тамыз 2020, 08:29
1023
Бөлісу:
Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар 20 миллионнан асып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы дерекке сүйенсек, бүгін әлем бойынша жаңа типті коронавирусты жұқтырғандар саны 20 ммиллионнан асып отыр.

Халықаралық ұйымдар, федералды және жергілікті билік мәліметі негізінде есептеу жүргізетін Джон Хопкинс университеті осындай мәлімет таратты.

Мекеменің мәліметі бойынша, қазір инфекцияға шалдыққандар саны – 20 001 019 адамға жетті. Оның 733 103-і қайтыс болса, 12 209 074 науқас жазылып шыққан.

Індет жұқтырғандар саны бойынша АҚШ (5 079 941 адам) көш бастап тұр. Содан кейінгі орындарға Бразилия (3 035 422) мен Үндістан (2 215 074) орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы