Бас жаңалықтар
Әлемде азық-түліктің шамамен 40 пайызы қоқысқа тасталады
24 Шілде 2021, 05:40 373

Әлемде азық-түліктің шамамен 40 пайызы қоқысқа тасталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын әлемде өндірілетін азық-түліктің шамамен 40 пайызы асқа пайдаланылмай, қоқысқа тасталады. Бұл туралы дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері хабарлайды.

Айтуларынша, бұл қоршаған ортаға зиянын келтіреді. Өйткені тамақ қалдықтарының парниктік газдардағы үлесі 10 пайызға жуықтайды. Бұл Еуроодақ пен АҚШ-та көліктен бөлінетін зиянды заттардың мөлшерінен екі есе көп.

Осы ретте мамандар тұрғындарды азық-түлік таңдау мәселесінде жауапкершілік танытуға шақырып отыр. Айтуларынша, жан-жақты іс-әрекет жоспарының арқасында 2030 жылға таяу азық-түлік қалдықтарын екі есеге дейін азайтуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...