Әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

27 Шілде 2021, 15:02
3116
Бөлісу:
Әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес COVID-19 расталған жағдайлардың саны 194 080 019-ға жетті. 

ДДСҰ сайтында хабарланғандай, бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны тіркеу фактілерінің жалпы саны 422 294 жағдайға артты. 

Бұл өте қауіпті тенденция, - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 6797 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.



Өзгелердің жаңалығы