Әлем кубогі. Айдова ағалады, Морозов мандытпады
5 Желтоқсан 2021, 11:20 347

Әлем кубогі. Айдова ағалады, Морозов мандытпады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Еліміз атынан сынға түскен Екатерина Айдова конькимен жүгіру бойынша әлем кубогі кезеңінің В тобының финалында топ жарды.

Olympic.kz ақпаратына қарағанда, ол 500 м қашықтық бойынша сынға түсті. Нәтижесінде тиісті қашықтықты 37,558 уақытта бағындырып, В финалында үздік атанды. 

Ресейлік Кристина Силаева (37,769) екінші орынға жайғасса, жапониялық Маки Цудзи (37,845) үшінші орынға ие болды.

Бүгін ерлер арасында 1500 метрге жарысудан А тобындағы финалдық бәсеке аяқталды. 

Бұл қашықтықта Қазақстан атынан Дмитрий Морозов сынға түсті. Ол жеңімпаздан 2.57 секундқа кеш қалып, 15-орын иеленді. 

1500 метрге жарысудан америкалық Джоу Мантиа топ жарды. Екінші орында қытайлық Жонгиан Нинг, үшінші сатыда нидерландтық Томас Кролл. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...