Бас жаңалықтар
Әлем чемпионатында қазақстандық шаңғышылардың бірі допинг дауына ілінді
27 Ақпан 2019, 21:45 315

Әлем чемпионатында қазақстандық шаңғышылардың бірі допинг дауына ілінді

Астана, BAQ.KZ. Шаңғы спортынан Австрияның Зефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық бір шаңғышы "допинг ережесін бұзды" деп айыпталған. Бұл туралы Австрия полициясына сілтеме жасаған Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, "допинг ережесін бұзды" деп айыпталғандар арасында екі Австрия және екі Эстония шаңғышысы да бар. Австрия полициясы ұсталған спортшылардың аты-жөнін жарияламады.

Полицияның айтуынша, олар 27 ақпанда арнайы рейд ұйымдастырып, спортшыларды тексерген.

27 ақпанда Австрияның Зефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен шаңғымен жүгіру жарысына шыққан жоқ. Шаңғышы не үшін жарысқа қатыспағаны әзірге белгісіз.

Қазақстан шаңғы федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеті Австрия полициясының рейдіне қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Загрузка...

Сізден жаңалық