Бас жаңалықтар
«Әлем аруы-2021» байқауының жеңімпазы жарияланды
17 Мамыр 2021, 12:46 4730

«Әлем аруы-2021» байқауының жеңімпазы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық 26 жастағы Андре Меза (Andrea Meza) «Әлем аруы» атанды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Жеңімпазға тәжді 2019 жылғы жеңімпаз, Оңтүстік Африка моделі Зозиби Тунци табыстады. Айта кетейік, үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан республикасы және Перу өкілдері кірді.

Меза бұл атақты жеңіп алған Мексиканың үшінші өкілі. Бұған дейін «Әлем аруының» тәжін мексикалық арулар 1991 және 2010 жылдары ұтқан болатын.

Айта кетейік, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты «Әлем аруы» кейінге қалдырылған еді. Биыл Американың Голливуд қаласында онлайн форматта өтті.

Ұйымдастырушылар COVID-19 өршітпеу мақсатында шараға дайындықты бірнеше ай бұрын бастаған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар келе салып міндетті карантинге жатқызылды, бірнеше рет тест тапсырды. Байқау барысында карантиндік талаптар қатаң сақталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...