Алексей Цой Елжан Біртановқа денсаулық тіледі

25 Маусым 2020, 22:26
1712
Бөлісу:
Алексей Цой Елжан Біртановқа денсаулық тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі болып жаңадан тағайындалған Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа денсаулық тіледі.

Құрметті Елжан Амантайұлы, еліміз үшін қиын кезеңде короновируспен күрестің алдыңғы шебінде тұрдыңыз. Сіздің өңірлердегі, инфекция ошағындағы, халықпен және мамандандармен жасаған жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіне позитивті әсер етті. Өкінішке қарай, вирус ешкімді аямайды. Тезірек жазылып, қатарымызға тезірек оралыңыз, – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында. 
Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қызметтен не себепті кеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой тағайындалғаны хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы