Бас жаңалықтар
Алексей Шпилевский: Эсеола екеуміздің арамызда ешқандай кикілжің жоқ
22 Мамыр 2019, 10:07 239

Алексей Шпилевский: Эсеола екеуміздің арамызда ешқандай кикілжің жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қайрат» кубокты қосқанда қатарынан бес ойында ұтылған еді. Маусымның басында «Биыл чемпион боламыз» деп үміт күткен жанкүйерлер қазір ашулы. Әсіресе, бас бапкер Алексей Шпилевскийге шүйлігіп жатқандар көп. 

Бірінші кезеңнің соңғы турында «Қайрат» өз алаңында чемпионаттың аутсайдерлерінің бірі «Ертісті» жеңді. Матчтан кейін бас бапкер Алексей Шпилевский тілшілердің сауалына жауап берді.
 
«Ең бастысы, біз жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледік. Соңғы ойындар жігіттер үшін жеңіл болған жоқ. Оған әрине өзіміз кінәліміз. Ойындарда мүмкіндіктерді пайдалана алмай, көп ұпай жоғалттық. Енді әріқарай қадам жасап, мақсаттарымызға жету үшін жұмыс істейміз. Футболшылар тырысып жатыр. Олардың ойнына көңілім толады. Ал нәтижеге қашан риза болатынынымды айту қиын. Біз жас ойыншыларды тәрбиелеудеміз, оларға мүмкіндік беруді мақсат еттік. Ол үшін қанша уақыт қажет екенін де айта алмаймын», - дейді «Қайрат» бапкері.

Беларусь маманы украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола екеуінің арасында ешқандай кикілжің жоқ екенін айтты.
 
«Әбікен мен Оразазов матчқа қатыса алмады. Біз бүгін Сәрсеновті алаңға шығардық. Ол өзін жақсы жағынан көрсетті. Вжесиньски жарақатына байланысты алмасты, орнына Сүйімбаев шықты. Ғафуржан – тәжірибелі ойыншы. Ал Швыревті жылдамдықты күшейту үшін кіргіздік. Эсеола жанкүйерлері оған қарсы ысқырғаны үшін ашулы. Екеуіміздің арамызда ешқандай кикілжің жоқ. Ол бар болғаны эмоцияға өте тез берілетін жігіт», - дейді Шпилевский.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық