Бас жаңалықтар
Алексей мен Анель мемлекеттік тілді қалай меңгеріп алғанын айтып берді
11 Желтоқсан 2019, 19:06 858

Алексей мен Анель мемлекеттік тілді қалай меңгеріп алғанын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкер Алексей Овчаров Қазақстанда қазақ тілі қашанда бірінші орыннан көрінуі керек деп есептейді. Ал, Қостанай қаласындағы №20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Анель Пимичева қазақ тілі "5", ал орыс тілі "4" болып кеткенін айтады. 

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге біз атсалыспасақ, кім атсалысат? Мысалы, мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім және осы үйренгендерім бүгінде өз қажеттілігіме жарауда. "Өмір сүріп жатқан елге деген құрмет, мемлекеттік тілді меңгеруден басталады" демекші  барша қазақстандықтарды тіл үйренуге шақырамын, - деген пікірімен бөлісті Алексей Овчаров.

ARAM1930.JPG

"Ұлы даланың ұлтаралық тілі" республикалық форумның спикері қазіргі таңда қазақ тілдің беделін одан әрі нығайту үшін, ең алдымен, мемлекеттік тілді білуге қажеттілік туғызу керек деп есептейді. 

Оның айтуынша, мемлекеттік мекеме басшылары қол астындағы қызметшілеріне  қазақ тілді білудің міндеттілігін түсіндірумен қатар оқуға қабылдау, қызметке алу кезінде үміткердің ұлтына қарамай, мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін ескеру керек.

Ал, әуелде атасының көмегімен қызығушылығы оянып, қазақ тілін өз ана тіліндей игеріп алған орыс қызы Анель 2017 жылы қазақ тілінен Республикалық Олимпиаданың 1 орын жүлдегері атанып, сол жылы "Жыл оқушысы - 2017" сайысында жеңген және қазақ тілін меңгергені үшін "Патриот" төс белгісінің иегері атанған екен.

ARAM1925.JPG

Ең біріншіде атам үйретті, кейін қазақ балабақшасында оқыдым, сонымен ата-анамның шешімі бойынша қазақ мектебіне баратын болдым. Иә, әрине, артымда тіл бойынша шамалы база болғанымен, мектепте қазақ тілің меңгеруден біраз қисындық туып, бағам 3 болды. Негізінен, сол кездері менде тек қазақ тілі ғана осындай бағамен болды, мүмкін сол намысыма тиген шығар, "Үйрен! Үйрен! Үйрен", - демекші, тілді дұрыс үйреніп алдым. Қазақ тілі 5,ал орыс тілін 4 болып кеткен, - дейді 11-сынып оқушысы.



Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...