Бас жаңалықтар
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
28 Ақпан 2021, 19:34 414

Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Натан Паша - Макс Шнурмен кездесті. 

Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түсті. 

Екінші сетте де осы есеп тіркелді - 6:4. 
Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...