Александр Бублик: Осыншама көрерменді күтпедім

1 Ақпан 2019, 18:05
2361
Бөлісу:
Александр Бублик: Осыншама көрерменді күтпедім

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Дэвис кубогындағы алғашқы матчында Александр Бублик Қазақстан құрамасына бірінші ұпай әкелді. Ол Португалия құрамасының теннисшісі Жоау Соузаны 6:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.


«Жақсы теннис көрсеттім. Алғашқы сеттің соңында аздап жолым болмады. Қарсыласым алғашқы сетті жеңді. Бірақ өз-өзіме келіп, жеңіске жеттім. Соузға қарсы ойында оның оң жақтан ұрған соққысына қарсы тұру қиын болды. Онымен ойнау қиынға түсті. Қатты уайымдадым. Осыншама көрерменді күтпедім. Дауыс өте қатты болды. Тіпті «Уимблдон» секілді үлкен стадиондарда ойнаған кезде дәл мұндай болмаған. Ал мұнда бәрі айқайлайды. Алғашқы сетте аздап есеңгіреп қалдым. Барлығы айқайлаған кезде тіпті өзімді ести алмадым, миымда не болып жатқанын білмедім. Сол себепті соңғы геймде оларды тыныштандыруға тырыстым. Оларға үндемеңдер деп белгі бергенімді көрген боларсыздар» , - деді ол. 

Жоау Соуза баспасөз мәслихатына көңілсіз келді. Себебі әлемдік рейтингіде 39-орында тұрған ол 171-орындағы 21 жастарғы қарсыласынан жеңілді.

«Егер бұл ойында мен фаворит болсам, Бублик менен екі есе артық, себебі ол осы ойынды жеңіске жетті. Мен жеңілдім. Себебі Александр Бублик менен де жақсы ойнады», - деді ол.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Нұржас ЖАҚСЫБАЙ
Өзгелердің жаңалығы