Бас жаңалықтар
Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады
09 Наурыз 2021, 10:25 278

Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Доха АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 201-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған үндістандық Рамкумар Раманатанмен кездесті. 

Бірінші партияда А.Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте тағы да брейк жасай білді. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, еш қиналған жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.

Бублик екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы доданың 5-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе рейтингте 39-сатыдағы америкалық Рейлли Опелканың біреуімен шеберлік байқасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...