Алдағы үш жылда 11 құс фабрикасы ашылады - министр

2 Наурыз 2021, 09:08
1934
Бөлісу:
Алдағы үш жылда 11 құс фабрикасы ашылады - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен  Үкімет отырысында айтты.

Қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық  қажеттілігінің 58 пайызын ғана жабады. Толықтай молықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Өткен жылдың өзінде қуаты 94 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы іске қосылды. Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді, - деді Омаров. 

Министр атағандай, ішкі нарық отанымызда өндірілетін шұжық өнімімен 62%-ға қамтамасыз етілген. 

Толықтай молықтыру қуаты 77,8 мың тонна болатын 6 ет комбинатын іске қосу есебінен, сондай-ақ айналым мақсаттарына арналған қаржыландыру және фермерлерді малды союға өткізуге ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады, - деді министр.

Оның айтуынша, сүт өнімдері импортының жалпы көлемі сүт шикізатына қайта есептегенде шамамен 500 мың тоннаны құрайды.

Молықтыру мәселесін өнеркәсіптік тауарлық сүт фермаларының қуаттылықтарын іске қосу мен кеңейту және отандық сүт зауыттарын жете жүктеу есебінен шешу жоспарланып отыр.Сондықтан жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ретте өткен жылдың өзінде жалпы қуаты 98 мың тонна болатын 48 тауарлық сүт фермасы іске қосылды, оның 17-сі – өнеркәсіптік тауарлық сүт фермалары, - деді Сапархан Омаров.

Өзгелердің жаңалығы