Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

27 Ақпан 2019, 13:00
2306
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 28 ақпан мен 2 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанда алдағы күндері көктемге тән тұрақсыз ауа райы болжанады.

Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ал оңтүстік жартысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласатын жаңбыр болады. Сонымен бірге, тұман түсіп, көктайғақ және күндізгі температураның плюс 5-тен плюс 18 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық мәннен жоғары болады.

Өзгелердің жаңалығы