Алдағы үш айда 2 млн адам вакцинациялануы тиіс – Мамин

6 Сәуір 2021, 09:57
1757
Бөлісу:
Алдағы үш айда 2 млн адам вакцинациялануы тиіс – Мамин

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша Жоспар әзірледі. 

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Қыркүйек айында 10 миллионға жуық вакцинациялауға жататын адамдарға вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі. Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді, - деді Мамин.
Оның айтуынша, ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қор жасалынды.

Сонымен қатар, барлық өңірлерде үш айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Осыған орай Асқар Мамин Үкімет отырысында министрліктер мен аймақ басышаларына бірқатар тапсырма жүктеді.

Бірінші. Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге вакцина алатындардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және өңірлерге вакцинациялау жоспарына сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.Екінші. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Медиа-жоспарды жаңартсын және Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізсін. Үшінші. Денсаулық сақтау, Цифрландыру, Ішкі істер министрліктері, «Атамекен» палатасы, өңірлердің әкімдіктері сәуірдің соңына дейін бизнес субъектілерінің қызметін жаңарту және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін «адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын» енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту мақсатында барлық өңірлерге «Ashyq» жобасын енгізсін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы