Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығы мен береке-бірлігін бекемдей түседі – Президент

25 Қараша 2020, 12:00
1128
Бөлісу:
Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығы мен береке-бірлігін бекемдей түседі – Президент
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі барысында айтты. 

Біздің мойнымызда Қазақстанның қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жатыр. Халықтың тағдыры партияның белсенді мүшесі мен оның стратегиясын қолдайтын шынайы патриоттардың қолында. Ел алдында тұрған жаңа жаһандық сынақ пен тәуекелдер барлық күш-жігерді біріктіруді қажет етеді. Ол үшін бізге қоғамның бірігуі қажет. Тек бірлік пен ынтымақтастық негізінде біз барлық мақсатымызға жете аламыз. Заң үстемдігі мен ол бойынша тәртіптердің сақталуы мен қоғамдағы үйлесімдіксіз прогреске жету мүмкін емес. Бұл – әлемдік тәжірибемен расталған аксиома, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, партияның бағдарламасы дамыған азаматтық қоғам мен экономикалық толыққанды мемлекает болуға бағытталған. 

Біз билік партиясының мәртебесі билік құзыретіне қолжетімділікте емес, ел мен халыққа көмек шынымен пайда тигізуде екенін атап өткен жөн. Партияға мүше басқару жүйесінде жоғары шенді тұлғалар шынайы еңбекқорлық пен саяси жауапкершілік пен азаматтық патриотизмнің үлгісі болуы керек. Партия мүшелері болашақта да осындай болатынын ескеру керек, - деді Тоқаев. 

Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауымен басталатынын айтты. 

Оның символдық мәні зор. Барлық мерейтойлық іс-шараға идеологиялық және мазмұндық тұрғыдан тың серпін беретіні анық. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін. Бұл науқанның ашық әрі әділ өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мен Мемлекет басшысы ретінде мұны жіті қадағалаймын. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратураға тапсырма бердім. Барша сайлаушыларды азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырамын. Еліміздің игілігі мен мемлекетіміздің өсу жолында табысқа бірге жетейік. Отанымыз мәңгі жасасын, халқымыз әрқашан аман болсын, - деп түйіндеді Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы