Алдағы күндері жауын-шашынды болады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады.</h4>

 7 Шілде 2021 2021, 11:15
7 Шілде 2021 2021, 11:15
2147

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады.

Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап,  жел тұрады. 

Қазгидрометтің мәліметінше, батыста ауа температурасы: түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде +10+21℃ болады, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді.

Елдің орталығында және шығысында: түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С.

Наверх