Алдағы күндері күн жылы болады

29 Қараша 2021, 13:48
913
Бөлісу:
Алдағы күндері күн жылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аяз алып келген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады. 

Оның орнына Қара теңіз ауданынан жылы Батыс циклоны келеді, оның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды. 

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 жылы, оңтүстікте 10-15 жылы, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады. 

Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, оның әсерінен температура аздап төмендейді. 

Түнде 5 аяз...5 жылуға дейін, күндіз 3 аяз...5 жылуға дейін, Маңғыстау облысында 10 градус жылы болады.

Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Өзгелердің жаңалығы