Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

5 Мамыр 2022, 10:02
1036
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» ауа райының 5-7 мамырға арналған болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес елдің солтүстік аймақтарында, оңтүстік аймақтарға қарағанда әлі де күн салқын болады. Бұл оңтүстік аймақтарға Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары мен солтүстік аймақтарға келетін суық ауа массаларына байланысты. Осылайша, солтүстік-батыс антициклоны әсерінен түнде ауа температурасы төмен болады. Екі ауа ағыны кездесіп, батыс өңірлерде жаңбыр (кей жерлерде нөсер), найзағай, бұршақ және екпінді жел болады деп күтіледі, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы