Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

17 Қыркүйек 2021, 11:18
1891
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Мақала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына, Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа ығысады.

Осыған байланысты түнгі уақытта ауа температурасы айтарлықтай төмендеп,  3°С-қа дейін үсік жүру мүмкіндігі бар. 

Күндіз +8+12°С-қа дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде болса, онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі соншалықты елеулі болмайды – ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін болады деп болжануда.

Үшінші онкүндіктің басында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ығысуына байланысты  температуралық фонның біртіндеп көтерілуі күтілуде. 

Алдымен еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +20+25°С-қа дейін көтеріліп, келесі күндері еліміздің қалған өңірлерінде де ауа температурасы жоғарылайды. Солтүстік өңірлерде ауа +17+25°С дейін жылынады, орталық және шығыс бағандарында термометрлер +20+28°C белгісіне дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін көтеріледі.

Қазан айындағы алдын ала болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде ауа райы жылы болады, алайда түнгі температура төмен болады: батыста түнде +5+13°С, күндіз ауа +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С.

Өзгелердің жаңалығы