Алдағы күндері «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясы өтеді

24 Маусым 2021, 17:40
1030
Бөлісу:
Алдағы күндері «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясы өтеді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.

Astana Finance Days (AFD) – бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13 000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5 000-нан астам тіркелген қатысушы қатысты.

 

1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады. 

«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

  • Fin&Tech Summit:
  • Visa сессиялары
  • Mastercard сессиялары
  • Fin & Tech
  • Business Connect Форумы
  • Жасыл өсу форумы
  • Макроэкономикалық форум
  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы
  • Білім беру технологиялары форумы
  • АХҚО құқық конференциясы
  • Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т.б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады. 

Өңірдегі ең ірі іскерлік онлайн-іс-шаралардың біріне тіркеліп, ол туралы достарыңызға айтыңыз. 

Толық ақпарат сайтта қолжетімді.

 

Өзгелердің жаңалығы