Алдағы 5 жылда кәсіпорын шығарындылары қысқарады

25 Қазан 2021, 17:02
15469
Бөлісу:
Алдағы 5 жылда кәсіпорын шығарындылары қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалпы Ұлттық жоба 11 міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалған. Бұл туралы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы» тақырыбында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

Министр әр бағыттың ңақты мәселеріне тоқталып өтті.

«Таза Қазақстан» бірінші бағытының мақсаты атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұйық циклдегі экономиканы дамыту және тарихи ластануларды жою, елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау болып табылады, - дейді ол.
Оның мәлімдеуінше, ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес.
Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту болжанып отыр. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» шығарындыларды 54%-ға азайту бойынша міндеттемелер алды, - дейді Серікқали Брекешев.
Сонымен қатар министр орнықты даму қоғамын құруға көп көңіл бөліну керегін айтты.
Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады. Өйткені барлық табиғат қорғау және эко-сақтау іс-шарасы мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуге тиіс. Қазіргі уақытта осы саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындап отыр, - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Осыған дейін Брекешев елімізде 9 жаңа су қоймасы салынатынын айтып өтті.
Өзгелердің жаңалығы