Бас жаңалықтар
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
15 Наурыз 2019, 13:15 823

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Ауа температурасы климаттық нормадан 5…13°С жоғары аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон жылжып, республиканың көптеген облысында температураның төмендеуін тудырады», - делінген хабарламада.  

Қазгидрометтің мәліметінше, бірақ антициклон кіруінің алдында Қазақстан арқылы жылжыйтын суық атмосфералық фронттармен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбызғы қар, желдің күшеюі және әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз көрінуі 500 м нашарлайтын тұман күтіледі.

Сізден жаңалық