Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

26 Маусым 2019, 12:47
1516
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМҚ 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның оңтүстік облыстарында кей жерде 40 градустық аптап ыстық ауа райы сақталады.

Ал республиканың солтүстік және батысында суық атмосфералық фронттармен жаңбыр басталды. Фронттардың оңтүстікке жылжуына қарай орталық және шығыс облыстарында жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы