Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

15 Шілде 2019, 13:12
2046
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, антициклон және Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты Қазақстанның көптеген облысында ыстық және өте қатты ыстық ауа райы сақталады.

Республиканың батысында жаңбыр мен ыстықтың әлсіреуінен кейін ауа температурасы қайтадан жоғарылайды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2...7°С жоғары болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы