Алдағы үш күн жауын-шашынды болады

6 Сәуір 2020, 12:15
1483
Бөлісу:
Алдағы үш күн жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-9 сәуірде ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМҚ.

Алғаш екі күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі терең Атлантикалық циклонның ықпалында болады, онымен күн күркіреп, көп жауын-шашын, екпінді жел күтіледі, республиканың оңтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін.

Ал 9 сәуірде бұлттар таралып, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде, бұл еуропалық антициклонмен байланысты болады.

 


Өзгелердің жаңалығы