Алдағы күндері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі

8 Шілде 2020, 21:15
1309
Бөлісу:
Алдағы күндері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға жеке тоқталғым келеді, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде.

Осы мақсатта дәрілік препараттарды сертификаттау мерзімдері қысқартылды және рәсімдері жеңілдетілді. Эпидемияға қарсы қажеттіліктер үшін бір жерден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінінің қолданылуы ұзартылды. Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы дәрілік заттарды бір жолғы әкелудің тәртібі жеңілдетілді. Мұндай өтінімдер бір тәулік ішінде қаралады. КВИ емдеу үшін отандық тауар өндірушілердің жаңа препараттарын тіркеу рәсімі жеделдетілді. Осы шаралардың барлығы қажетті препараттарды ауруханалар мен дәріханалық желілерге жылдам әрі тиімді жеткізуге мүмкіндік береді, - деді Президент.

Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдер халықты барлық қажетті препараттармен қамтамасыз ету жөнінде шұғыл түрде жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.
30 мыңға жуық науқасты стационарларда емдеу мақсатында дәрі-дәрмек сатып алынған. Бұл ағымдағы қажеттіліктен 70%-ға жоғары (ауруханаға жатқызылғандар саны 18 мыңға жуық болған жағдайда). Жұмыс жалғасуда. Бөлшек сауда желісіне қажетті дәрі-дәрмектер келіп түсуде: 800 мың парацетамол орамасы жеткізілді, аптаның соңына дейін тағы 900 мың орама жеткізіледі, 150 мың орам антибиотик дәріханалық желіге жөнелтілді. Алдағы күндері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы