Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

21 Қаңтар 2020, 18:24
1834
Бөлісу:
Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында мол мөлшерде қар жауады. Бұрқасын соғып, кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с-тан да асуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы