Албанияда жер сілкінісі болып, 52 адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2019, 10:45
1747
Бөлісу:
Албанияда жер сілкінісі болып, 52 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсмологтар жиілігі бірнеше минут болатын жер асты дүмпулерін тіркеді. 

Албаныияда екі бірдей жер сілкіні болды. Салдарынан 52 адам зардап шекті. Бұл туралы Albanian Daily news хабарлады.

Қазір зардап шеккендер барлығы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Оларды травматологиялық бөлімге жатқызды.

«Тирандағы ғимараттардың қабырғалары, кірпіштері көліктерге құлап жатты. Әсіресе Дуррес қаласындағы үйлер қатты зардап шекті», - деді куәгерлер.

АҚШ геологиялық қызметтің мәліметі бойынша, арасы бірнеше минут болатын жер асты дүмпулері елдің батысында болған.

Өзгелердің жаңалығы