Алаш тас жолы жөндеуден өткізіледі

22 Қаңтар 2019, 15:48
1499
Бөлісу:
 Алаш тас жолы жөндеуден өткізіледі

Астана, BAQ.KZ. Осы жылы «Байқоңыр» ауданында 26 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осы жылы «Байқоңыр» ауданында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 26 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, осы жылы аудан әкімдігі Алаш тас жолын жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, осы жылы Алаш тас жолын жаңғырту қарастырылған. Мұнда № 69 көшеден «Magnum» СҮ-і қиылысына дейінгі аралықта автобустар үшін бұрылыс салынады.

Мұнымен қоса осы жылы, Алаш тас жолы мен Үшқоңыр көшесінің аралығында жатқан Жаңажол көшесін кеңейту қарастырылған.Қазіргі екі жолақты жол төрт жолақты етілмек. Кеңейтілетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Өткен жылы ауданда жалпы ұзындығы 8,37 шақырымды құрайтын 16 көшеге асфальт төселген. Және 36 көшеге мен тұйық көшеге уақытша жол төселген.

Сондай-ақ, 11 жылы аялдаманы монтаждау жүргізілді, оның ішінде алтауы жеке инвестициялар есебінен, үш жаяу жүргінші бағдаршамы, 41 жол белгісі және 11 жасанды тегіс емес жол төселген.

Өзгелердің жаңалығы