100 Нұрсұлтан 100 баланы құттықтады

1 Желтоқсан 2019, 13:04
1994
Бөлісу:
100 Нұрсұлтан 100 баланы құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті күніне орай  Nur Otan партиясының Нұрсұлтан есімді мүшелерінің ұсынысымен партияның Алматы қалалық филиалының қолдауымен "Армандар орандалады" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Алмата қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

100 Нұрсұлтан арнайы брендтелген автобуспен "Ақсай" республикалық клиникалық балалар ауруханасына барып, ондағы емделіп жатқан 100 баланы мерекемен құттықтап, оларға өздері қалаған бағалы сыйлықтарын табыс етті. Бұл медициналық мекемеде күрделі диагнозы бар балалар ем қабылдайды. Балалардың барлық тілектері алдын ала жиналған болатын, - делінген хабарламада.

Шара соңында Тұңғыш президент саябағында акцияға қатысушылар қайырымдылық челленджін бастап, қазақстандықтарға осы іс-шараны қолдап, науқас балаларға көмек көрсету туралы үндеу жасады.
Өзгелердің жаңалығы