Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?

3 Тамыз 2021, 12:38
5456
Бөлісу:
Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жаз мезгілі келісімен халық Алакөл жағалауына демалуға асығады. Емдік қасиеті мол тұзды суға барып демалушылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Алайда жолдың нашарлығы көлікпен баратындарға оңай соғып тұрған жоқ. Жылда жаз басталысымен «Алакөл жолы қашан түзеледі?» деген жыр қайта басталады.

Еліміздің жауһары – Алакөл Алматы облысы мен Шығыс Қазақстанның түйіскен жерінде орналасқан. Шығыс жағында Жарбұлақ жағалауы, ал Алматы облысында Алакөл ауданына қарасты Ақши жағалауы бар. Екі жағалауға да көлікпен жету бұған дейін азаптың-азабы еді. Қазір онда жаңа жолдың құрылысы жүріп жатыр.

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

Алакөлге апаратын Талдықорған-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 2019 жылы басталған. 767 шақырымды құрайтын жолдың жобалық-сызба жұмыстары 2017 жылы басталып кеткен. 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

Мәселен, Алматыдан шыққан жолаушы Талдықорғанға дейін әдемі жолмен жетеді, ары қарай Үшарал қаласына дейінгі аралықта 5 құрылыс алаңы бар. Құрылысы біткен жолдар шетінен пайдалануға беріліп жатыр. Тақтайдай әдемі жолмен ызғытып келе жатып ары қарай жол жоқ деген белгіні көрген соң жол жиегіндегі  ойқұш-ұйқыш айналма жолға түсіп кете барасыз. Сағатына 20-30 км жылдамдықпен біраз шаңдатып келіп жаңа жолға қайта түсесіз. Осындай жүріспен Үшаралға да қалай жеткеніңізді білмей қаласыз. Одан ары Ақши жағалауына дейінгі 60 шақырымды жолдың құрылысы аяқталды десе болады, тек көпір мен су құбырлары өтетін 5 шақырымдай аумақтың жолы әлі төселіп жатыр. Жол салушылар оны тамыз айында толығымен бітіреміз деп отыр. 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының Алматы облысы филиалы басшысының орынбасары Нұрқат Ақылтаев Алматы облысына қарасты 313,5 шақырымды жол құрылысының 80%-ы аяқталғанын айтады. 

Жол құрылысын 2022 жылы аяқтаймыз деп отырмыз. Жолдың сапасы жоғары, екі қабат асфальт төселеді. Одан бөлек жолды салу барысында 26 көпір, 340 су өткелдері қайта жасалды. Жалпы Алматы облысындағы жолдың бөлігін салуға 122 млрд теңге бөлінген. Оның 80 пайызын қытайлық Эксим банк қаржыландырса, 20%-ын үкімет бөлді. Жол салу жұмыстарына 2 мыңнан астам жергілікті халық тартылды, - дейді Нұрқат Ақылтаев. 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

Ал Алакөлдің шығыс жағындағы жолына келер болсақ, Өскеменнен Қалбатауға дейінгі аралық толығымен біткен. Ары қарай Жарма ауданы, Аягөздің тұсында құрылыс әлі жүріп жатыр. Ал Таскескен ауылынан шекарадағы Бахтыға дейінгі 187 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жол толығымен қайта салынып біткен. Мақаншыдан Алакөл жағалауына дейінгі жолдар да әдемі. 

Өскемен-Талдықорған тасжолының 454 шақырымы ШҚО-ға қарасты. Қазіргі сәтте бұл жолдың 74%-ы аяқталған. Жолдың негізгі бөлігі екі жолақты, тек елді мекендер тұсынан өтетін бөлігі 4 және 6 жолақты. Жолды салып жатқан мердігер компаниялар: Citic Construction Co., Ltd, АО «К-Дорстрой» және «Тодини Централ Азия» ЖШС-і. Жолды салуға 161,6 млрд теңге бөлінген. 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан облысы филиалы басшысының орынбасары Асылбек Нұғыманов жол құрылысын жоспар бойынша 2022 жылы аяқтаймыз деп отыр.

Қазіргі сәтте жолдың 74 пайызына асфальт төселді. Келешекте бұл жолдың бойында 18 демалу алаңы мен сервис орындары салынады. Аталған жол Қаракөл, Шолпан, Таскескен, Шынқожа, Үшбиік, Аршалы, Жанғызтөбе, Қалбатау, Сұлусары, Ұлан ауылдарын басып өтеді. Жол құрылысына осы елді мекендерден екі мыңдай адам тартылды. Құрылысты уақытында өткізу үшін жұмысшылар күндізгі және түнгі кезекшілікпен жұмыс істеп жатыр, - дейді Нұғыманов. 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?


 

Жол мәселесі шешілсе ішкі туризмге де жан бітетіні белгілі. Ақши жағалауындағы «Бастау» демалыс орнының басшысы Бауыржан Нұқаев соңғы жылдары пандемияға қарамастан Алакөлге келушілер саны күрт артқанын айтады.

 

 

Алакөл шипалы көл. Көптеген адам емделу үшін келіп жатқанын көріп жүрмін. Бұрын өзімнің қан қысымым бар болатын, осында келгелі одан айықтым. Былтыр біздің жағалауға 3-4 млн адам келді деп естігенмін. Биыл одан көп болған сияқты, себебі орын жоқ. Менің демалыс орталығым 100 адамға арналған, ол қазір лық толы. Осыдан үш жыл бұрын жол өте нашар болды, қазір түзеліп қалды. Келесі жылы толығымен бітсе мұнда келушілер саны тіптен артады. Ал орталықтар келушілерге сапалы қызмет көрсете білуіміз керек, - дейді кәсіпкер.
 


 

 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?



 

Алакөлге әдемі жолмен қашан барамыз?



 

Өзгелердің жаңалығы