«Алакөл» кеден бекетінде тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді
PHOTO
13 Мамыр, 18:45 455

«Алакөл» кеден бекетінде тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алакөл» кеден бекетінде 22 483 келі көлемінде «қолғап» түріндегі тауарларды заңсыз әкелудің жолы кесілді. 

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін тауардың кедендік құнының төмендеуі негіз болған.

«Алакөл» кеден бекетінің мамандарымен кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталды.

Заңсыз әкелінген тауарлардың кедендік құны шамамен 43 млн теңгені құрайды. 2022 жылдың сәуір айында материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, - делінген хабарламада.

Осы жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін департамент 21 факт бойынша (13 жүк алушы бойынша, оның ішінде 9 – резидент,                 4 - резидент емес) қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына материалдарды жіберді, онда кедендік құны шекті деңгейден асқаны анықталған (10 000 АЕК-тен астам).

Осылайша мәлімделмеген тауарлардың жалпы кедендік құны 1 млрд 836 млн теңгені, ал мәлімделмеген тауарлардың салмағы 695 теңге.


Фото: дереккөз
Загрузка...