Қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды

17 Қаңтар 2020, 16:07
2497
Бөлісу:
Қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала шетіне қатынайтын бірнеше автобустың қызғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы "Астана LRT" баспасөз хабарлады.

Жолдарды қар басуына байланысты: №№304, 322 бағдарлар қозғалысы тоқтатылды.

Тас жолдарының жабылуына байланысты №№300, 302, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 326 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Линияда қатынап жүрген бағдарлар: №№ 303, 320.

Өзгелердің жаңалығы