Бас жаңалықтар
Қала әкімдігі жастардың қарызын төлеп беретін болды
22 Қаңтар 2020, 21:03 245

Қала әкімдігі жастардың қарызын төлеп беретін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амстердам қаласының басшылығы жұмыс істеп, оқу орнына түскісі келетін жастардың қарызын өзі төлейтін болды, деп жазады Massaget.kz.

Тек Амстердам қаласында ғана емес, тұтас Еуропада жастар қарызының орташа көрсеткіші жылдан жылға артып келеді (2015 жылы 12400 еуро болса, 2019 жылы 13 700 еуроға дейін артқан). Студенттер оқуды аяқтау үшін ақша таба алмай, несиеге жүгінеді. Ал бұл олардың еңбек нарығында өз орнын табуына кедергі болады. Ресми мәлімет бойынша, 18 жаспен 34 жас аралығындағы амстердамдық жастардың  34%-ы қарызға батқан.  
Қарыз адамды күйзеліске түсіреді. Әсіресе бұл жастар болашағына көлеңке түсіреді. Біз олардың қарызын өтеу арқылы жастарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік береміз , – дейді Амстердам мэрінің орынбасары Маржолайн Мурман.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...