Бас жаңалықтар
Қала күніне орай 265 алматылық баспаналы болды
20 Қыркүйек 2020, 20:40 187

Қала күніне орай 265 алматылық баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қала күні мерекесіне орай кезекте тұрған 265 адамға қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер берілді.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімін оның орынбасары Мұхит Әзірбаев жасады. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған Түріксіб және Алатау аудандарындағы үйлерден берілді.

Баспана кезегінде тұрып, пәтер кілтін алған 265 адамның ішінде 29 жетім бала, 122 көпбалалы отбасы, 26 I және II топтағы мүгедек, 51 толық емес отбасының мүшелері және басқалар бар. Биылғы жылдың басынан бері 1012 отбасы баспаналы болды. 2020 жылдың соңына дейін «жұмысқа қабілетті жастар» тобына жататын 350 адамды, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топқа жататын 293 адамды және 325 көпбалалы отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Бұған қоса, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы бір жыл ішінде 1 мың отбасы баспаналы болады. Сондай-ақ «Алматы жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша тағы 1 мың жас отбасы пәтер алады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...