Қала күнінде жастар қайырымдылық акциясын өткізді

16 Қыркүйек 2019, 20:34
1760
Бөлісу:
Қала күнінде жастар қайырымдылық акциясын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордададағы арбаттың бойында қала күні аясында «Мен – қамқоршы жас» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.

Онда жастар өзінің ең жақсы ұнататын заттарын (мезгілдік киімін, кітап, ұялы телефон, ойыншықтарын жəне т.б) сыйға тарту арқылы көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік алды.

Ізгілікті іске қолдау білдірген барша белсенді жастарға риясыз алғыстарын білдірген қала әкімдігі мен «Жомарт» қоғамдық бірлестігі мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

Акцияда жиналған заттар «Жомарт» қоғамдық бірлестігі арқылы жұмыспен қамту орталығымен жасақталған көпбалалы отбасылардың тізіміне сəйкес үлестірілді.

 

Өзгелердің жаңалығы