Ақтөбеде қала күнінде 47 нәресте дүниеге келді

29 Мамыр 2019, 15:45
1516
Бөлісу:
Ақтөбеде қала күнінде 47 нәресте дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күніне ақтөбелік келіншектер де сый жасады. Қаладағы үш перзентханада бір тәулікте 47 нәресте өмір есігін ашты. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Жас босанған аналарды жергілікті әкімдік өкілдері перзентханаға арнайы барып құттықтады. Қала әкімдігі аналардың барлығына ауа тазартқыш аппарат сыйға тартты.

«Кішкентай сәбилеріңіздің бауы берік болсын! Отбастарыңызға бірлік, ынтымақ тілейміз. Сіздер қала күнінде көпшілікке қуаныш сыйлаған анасыздар», - деді қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева.

Қала күнінде дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер де бар.

«Екінші рет босануым. Енді үш қызым бар. Аралары 13 жас. Әкесі екеуміз балаларға Милана және Каролина деген есімдер бердік», - дейді Надежда Малыгина.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада туылған нәрестелердің 21-і ұл, 26-сы қыз бала.

Өзгелердің жаңалығы