Бас жаңалықтар
Қала күні салтанатты түрде аталып өтілмейді – Сағынтаев
VIDEO
19 Қыркүйек 2020, 09:17 147

Қала күні салтанатты түрде аталып өтілмейді – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл алматылықтар жылдағыдай қала күнін бар сән-салтанатымен атап өтпейтін болды. Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән-салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті, - деп жазды ол. 
Сондай-ақ, қала басшысы қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастағанын айтты. 
Бұл нәубет адамдарды жақындастырды, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар, әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді. Қымбатты қала тұрғындары, сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала, - деді Бақытжан Сағынтаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...