Бас жаңалықтар
Алматыда Алғыс айту күні аясында жоба қолға алынбақ
25 Ақпан 2019, 15:05 955

Алматыда Алғыс айту күні аясында жоба қолға алынбақ

Астана, BAQ.KZ. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асырады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның мақсаты – толеранттықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту, қазақтардың және барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айтуы, мейірімділік, достық және қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.

Мереке қарсаңында еліміздегі мектептерде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарлануда.

«Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба іс-шараларды аудандық (қалалық), облыстық деңгейлерде өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Жоба балалардың тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті бойынша білімін, білігін және дағдыларын қалыптастыруға, ұлты басқа құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын дарытуға, балаларды ұлттық мәдениетті, түрлі халықтар мен елдердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында мына республикалық іс-шаралар өткізіледі:

2019 жылғы 14 қаңтар – 28 ақпан аралығында – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқау www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта;

2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі Алматы қаласында;

2019 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі Алматы қаласында өткізілмек.

Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын көрсетуіне, шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезінуіне, толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты бекіту басты тақырыбы болатын зияткерлік байқаулар мен құрылымдық дискуссияларды насихаттауға ықпал етеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі.

Фото: assembly.kz

Загрузка...

Сізден жаңалық