Альверес пен Планттың қанша сыйақы алғаны белгілі болды

9 Қараша 2021, 09:25
969
Бөлісу:
Альверес пен Планттың қанша сыйақы алғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) пен америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО) әлемнің абсолют чемпионы үшін өткізген кездесуде қанша сыйақы алғаны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бұл кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын 11-раундта нокаутпен жеңіп, абсолют чемпион атанды.

Жалпы бұл кездесуде боксшыларға берілген сыйақы 50 миллион долларды құрады. Оның 40 миллионын Альварес алса, қалғаны қарсыласқа берілді. UFC 268 турнирінде өнер көрсеткен спортшылардың гонорарлары қанша болды екен? Альварес пен Планттың қасында олар тиын алды-ау, - деп жазды спорт тілшісі Дэн Рафаэль.

Бұл кездесудегі жеңістен кейін Альварес Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші кездесу өткізуге ниетті екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы