Алғашқы тоқсанда жол-көлік оқиғасынан 3959 адам зардап шеккен

13 Мамыр 2020, 10:59
1305
Бөлісу:
Алғашқы тоқсанда жол-көлік оқиғасынан 3959 адам зардап шеккен

Алматы, BAQ.KZ. Осы жылдың қаңтар-наурызында 2740 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3959 адам зардап шеккен. 

Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,9%-ға кеміген.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар-наурызда 216 784 жеңіл автомобиль тіркелген.

2020 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 216784 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ға кеміді. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3929,5 мың бірлікті құрады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы