Ақын-жазушыларды қолдауды жалғастырамыз – Абаев

19 Қараша 2021, 15:35
1364
Бөлісу:
Ақын-жазушыларды қолдауды жалғастырамыз – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев хабарлады. 

Оның айтуынша, қаламгерлерге қолдау көрсету Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде қаламгерлерді, әсіресе жас ақын-жазушыларды қолдау ісі қарқынды түрде жалғасатын болады. Абай, Сүйінбай, Жамбыл сияқты халқымыздың біртуар перзенттерінің асқақ арманы – қазақтың іргелі де өркениетті ел болуы еді. Енді қазір, Тәуелсіздіктің маңызды межесіне жеткен тұста ұлттың жаңа болмысының бабалар мирасына сай келуіне мән беруіміз керек деп есептеймін, - деді Дәурен Абаев.

 

Сондай-ақ ол көнеден келе жатқан ортақ ұстанымды алға тартты.

 

Осы ретте, әл-Фарабиден бастап бүгінге дейінгі ойшылдарымызға тән ортақ ұстаным бар. Ол – білім мен мәдениет ғұрпы, - деп атап өтті Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев келесі жыл Ахмет Байтұрсынұлы жылы деп жарияланатындығын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы