«Ақылды» қалада не өзгерді?

31 Қазан 2020, 18:50
2161
Бөлісу:
«Ақылды» қалада не өзгерді?

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақкөл қаласында «ақылды қала» жобасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе өмір сүру сапасын арттыруға, адамдар үшін жайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталған.

«Smart Aqkol-2018» КММ директорының орынбасары Андрей Кирпичниковтың айтуынша, инфрақұрылымы цифрланған қалада қылмыс пен құқық бұзушылықтар саны азайған. Инновациялық технологияларды енгізу бюджетті үнемдеуге көмектесуде.

«Ақылды» автобус аялдамалары, шамдар және көптеген бейнекамералар күн сайын қала өмірін жақсартуда. Барлық ақпарат бір орталыққа ағылады. Үлкен мониторда бүкіл қала алақандағыдай көрінеді.

Ахуалдық орталыққа қалада орналасқан барлық датчиктер мен бейнекамералардан ақпарат ағылып жатыр. Қоғамдық көлікте GPS навигациясы бар. Біз бәрін қадағалаймыз, барлығын анық көреміз. Егер оқиға орын алса, бірден әрекет етеміз, - дейді «Smart Aqkol-2018» КММ директорының орынбасары Андрей Кирпичников.

Ол жаңа жүйе өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын түсіндірді. Мысалы, бейнебақылау камералары - жоғары дәлдіктегі аспаптар құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе ақпаратты жергілікті полицияның деректер базасымен талдайды. Заң бұзғандарды қысқа мерзім ішінде қолға түсіруге болады.

Smart-қалада «ақылды» аялдамалар – қауіпсіздік үшін кондиционерлер, жылытқыштар және бейнебақылау камералары бар. Ақкөл көшелерін «ақылды» шамдар жарықтандырады.

Оқушыларға арнайы рұқсатнамалар беріледі және мессенджерлер арқылы ата-аналар мен мұғалімдерге хабарламалар келеді. Ата-аналар баланың мектепке қашан барғанын және қашан шыққанын көре алады, – дейді Андрей Кирпичников.

«Ақылды» су есептегіштері деректерді таратады. Олар айналасындағы температураны өлшеп, суды тұтынуды бақылай алады. Қала бойынша эко-датчиктер орнатылды. Ол арқылы қай пәтердің жылы немесе суық екенін көре аласыз.

Былтыр қылмыс саны 13%, ұрлық 22%, автокөлік ұрлығы 20% қысқарды. Төбелес, қоқыс тастау және қоғамдық орындарда алкоголь ішу саны азайды.

Қалада 250 ақылды шам орнатылды. Жаңғыртудың арқасында Ақкөлдегі энергия шығындарын төрт миллион теңгеге қысқартуға мүмкіндік болды. Шамдар жай қосылып-сөніп қана қоймайды. Тіректерге арнайы контроллерлер орнатылған. Ахуалдық орталықтан әр шамды қолмен бөлек басқаруға болады. Көшеде қозғалыс азайған кезде, алдымен 70, содан кейін 40 пайызға сөнеді. Терроризм, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр мектепте бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ камералар адамдардың жаппай жиналуын тіркейді, бұл әсіресе коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде өзекті, - дейді Андрей Кирпичников.

Өзгелердің жаңалығы