Бас жаңалықтар
Ақтоты Райымқұлова қызметтен кетуге дайын екендігін мәлімдеді
14 Мамыр 2021, 13:32 551

Ақтоты Райымқұлова қызметтен кетуге дайын екендігін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәлі екені дәлелденсе, қызметіңізден кетуге дайынсыз ба?" деп сұрады тілшілердің бірі министрден.

Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін, - деді Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, қазіргі кезде Сәкен Мұсайбековке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оны букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінгенін. 

Мұсайбеков бұл қызметке 2020 жылы мамырда екінші рет тағайындалған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...