Ақтоғай ауданындағы шалғай ауылда спорт зал ашылды – Павлодар

17 Желтоқсан 2020, 23:27
2001
Бөлісу:
Ақтоғай ауданындағы шалғай ауылда спорт зал ашылды – Павлодар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданының шалғайдағы ауылдарының бірі Жалаулы ауылдық округінің Балтасап ауылында жаңа спорт зал пайдалануға берілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ауданның ішкі саясат бөлімінің мәлімдеуінше, спорт зал мектеп ғимаратына жапсарлас салынған. Спорт зал аудандық бюджет есебінен «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Нысанның бюджеті 20 млн теңгеден астам.

Ақтоғай ауданында 3700-ге жуық спортшы, оның ішінде Балтасап ауылында 15 спортшы бар.
Бұрын ауылда спорт залы болмаған. Енді оқушылар мен ауыл тұрғындары дене шынықтыру және спортпен толыққанды айналыса алады. Спорт залда маттар, теннис үстелдері, атлетикалық құралдар сияқты жабдықтар бар. Сонымен қатар волейбол, баскетбол және шағын футбол ойнауға арналған, - деді ішкі саясат бөлімінде.
Ауылда спортты дамытуға ықпал ететін және салауатты өмір салтын ұстанатын балаларды өсіруге көмектесетін қазақ күресі, волейбол, баскетбол, футбол және өзге де бойынша үйірмелер ашу жоспарлануда.
Осы ауылдың тумасы Ерболат Теміршот джиуджитсу бойынша жаттықтырушы. Бұрын ол клуб ғимаратында ауыл тұрғындарын жаттықтырған. Өйткені ауылда спорт залы болмаған. Енді спортзал ашылғаннан кейін оның тәрбиеленушілері жаңа жабдықталған залда жаттығуға мүмкіндік алды, - деді ішкі саясат бөлімінде. 
Бұған дейін жыл басынан бері Ақтоғай ауданында «МИР» спортзалына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің еденін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ Ақтоғай ауылында жабық корт құрылысы жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы