Ақтөбелік «СҚ-Фармацияда» бірқатар заң бұзушылық анықталды

22 Қазан 2020, 15:12
1687
Бөлісу:
Ақтөбелік «СҚ-Фармацияда» бірқатар заң бұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры Медетов және Агенттік жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Гасанов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «AQTÓBE - ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесі.

Іс-сапар аясында Агенттік пен АМТ өкілдері білім беру саласында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі мен Ақтөбе облысындағы «СҚ-Фармация» ЖШС қоймасында бірқатар мониторинг жұмысын жүргізді.

Мониторинг нәтижелері дәрі-дәрмектерді сатып алуға арналған бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" хабтарының COVID-19-дың екінші толқынына дайындық деңгейі күмән тудыратындығымен өзіне назар аударды.

Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі атышулы ұйымның қызметкерлері дәрі-дәрмектерді сатып алу туралы, вирусқа қарсы «Авифавир» препаратының болуы туралы да нақты ақпарат бере алмады.

Оның үстіне «СҚ-Фармация» Ақтөбе филиалының өкілі Нұрлан Жұбанышев көптеген дәрі-дәрмек ауруханаларда жатқанын, бірақ соңғы жеткізілім қашан және қай жерде және қандай көлемде жасалған деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Нәтижесінде қоғам белсенділері батыстың 4 облысы (Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау) үшін екі айлық дәрі-дәрмектің нақты қолжетімділігіне күмәнданды.

Айта кету керек, биыл 19 қазанда Антикорда өткен аппараттық кеңесте "СҚ-Фармацияның" төрағасы Ерхат Искалиев коронавирустың екінші толқынына толық дайын екендіктерін және қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жеткіліктігі туралы хабарлады. Е.Искалиев өз сөзінде 5,9 млрд теңгеге 37 түрлі атауға дәрі-дәрмектердің сатып алынғанын мәлімдеді. Дәл сол жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19 екінші толқынына дайындық дәрежесін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылау жүргізілетіндігін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың алғашқы толқыны кезінде Антикор қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге 2500-ден астам дәріханада COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмектердің болуын және осы дәрілердің бағаларының шекті бағадан аспауын тексерді. 400-ге жуық қоймада мониторинг жүргізілді, сонымен қатар, "СҚ-Фармацияның" Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 негізгі хабы тексерілді.

Өзгелердің жаңалығы