Ақтөбелік кітапханашылар жемқорлықпен күресу тәсілдерімен бөлісті
12 Қараша 2021, 10:45 76

Ақтөбелік кітапханашылар жемқорлықпен күресу тәсілдерімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ағымдағы жылдың қазан айында «Жемқорлық – қоғам дерті, алдын алу – ел міндеті» атты эссе байқауы ұйымдастырылған болатын.

Шығармашылық байқау өңірдегі кітапхана қызметкерлеріне арналып, 11 қараша күні «Антикор орталығында» жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау  кітапхана қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру шараларына белсене атсалысуға ынталандыруға, қоғам арасында адалдық, парасаттылық қағидаларын дәріптеуге байланысты тың идеяларды жинақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудағы әдебиеттің рөлін арттыруға бағытталған.

Департаментіміз қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жұмыстарына ерекше ден қояды. Бұл бағыттағы негізгі әріптестеріміздің қатарында – облыстық кітапханалар бар. Кітапхана – білім мен тәрбиенің, тарих пен мәдени құндылықтардың қоймасы. Осы орайда барлық облыстық кітапханаларда «Парасат жолы» орталықатары ашылған болатын, қазір қызу жұмыстар жүргізілуде. Байқауымызды кітапханашылар қауымына арнауымыздың себебі де осы: жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлестерін қосуға шақыру, көкейтесті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарына құлақ асу, – деді Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Дархан Мүсіров.
Кітапханашылар өз жұмыстары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі көптеген ұсыныстармен бөліскен. Бірі бюджеттік мекемелерде анонимді сауалнама жүргізілуін қажет деп тапса, бірі өз әріптесінің жемқорлық жасап жүргенін біле тұра үнсіз қалған қызметкерлерге жаза қолдануды ұсынған. Ал кейбірі Абай Құнанбайұлының шығармашылығын бөлек пән ретінде мектеп оқушыларына оқыту қажет десті.

Байқау нәтижесі бойынша І орынды С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Сәуле Сұлтанаева, ІІ орынды Қобда аудандық орталық кітапханалар жүйесінің әдіскері Бақыт Бахтияр, ал ІІІ орынды С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Ақмарал Мұқашева иеленген.


Фото: дереккөз
Загрузка...