Ақтөбелік екі студент көк кристалл тәріздес есірткімен ұсталды

14 Қаңтар 2021, 19:39
2591
Бөлісу:
Ақтөбелік екі студент көк кристалл тәріздес есірткімен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды. 

Өткен жылы Ақтөбе қаласында 18 жастағы жасөспірімдер ұсталған болатын. Ол кезде студенттер қала көшелерінде 22 пакет жасырып үлгерген, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласындағы колледждердің біріндегі екі студент мессенджердегі «кураторларының» нұсқауы бойынша қала көшелеріндегі жасырын жерлерге көк кристалл тәріздес ұнтақ салынған пакеттер салып қойған. Студенттер ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері колледж жатақханасының бөлмесінде тінту жүргізді. Онда буып-түю материалдары, таразы және көк түсті химиялық заттар тәркіленді.

Халықты тұз, спайс және темекі қоспаларын тарату бойынша курьерлерді қабылдау туралы интернеттегі ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, - деп атап өтті полиция подполковнигі Асхат Асқаров.

Өзгелердің жаңалығы