Бас жаңалықтар
Ақтөбеде зерттеу экспедициясы жолға шықты
19 Қыркүйек 2021, 08:39 256

Ақтөбеде зерттеу экспедициясы жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе өңірінде 18-ші және 20-сыншы ғасырлар аралығында өмір сүрген діни қайраткерлер мен олар қызмет еткен мешіт орындары зерттеліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жұмыстар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қолға алынған.

Экспедиция бұл жолы өңірдің Хромтау және Әйтеке би аудандарындағы тарихи мекендерді қамтымақ. Оның арасында, Бекқұл баба, Ойсылқара секілді киелі орындар мен Әбілқайыр ханның жерленген жері «хан моласына» да бару көзделген. Негізгі мақсат – ежелгі ғасырларда ағартушылық, сауат ашу қызметімен танылған тұлғалар және олардың еңбек еткен орындары бар. 2017 жылдан бері, қолға алынған бұл жоба аясында облыстың бес ауданында зерттеу жүргізіліп, жүздеген орындар анықталды. Оның арасында ежелгі дәуірде қызмет еткен мешіт, медресе және бастауыш мектеп қызметін атқарған сауат ашу орындары бар. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбек те жарық көрмек. 
Алдыңғы жылдары біз арнайы фильмдер шығарып жүрдік, Ақтөбе облысының рухани-діни орындары мен ірі тұлғалары Ойылдағы Сүлеймен әулие, Алғадағы Есет батыр, бәрі түсіріліп, фильм арқылы әрбір жұма күні көрсетіліп отырды. Енді биыл біз осыны жинақтап, қайтадан мүмкіндігіміз келсе көрсетуге жұмыс жасайтын боламыз, – дейді экспедиция жетекшісі Қыдырғали Ермұқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...